Алтай Көлгінов кәсіпкерлермен пікірлесті

Dalanews 02 нояб. 2019 07:58 741

Елорда әкімі Алтай Көлгінов iQala бірыңғай қалалық қызмет көрсету орталығының алаңында кәсіпкерлерді қабылдап, олармен бірге бірқатар мәселелерді талқылады.

Шағын және орта бизнесті дамытуға ел басшылығы ерекше көңіл бөледі. Қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу, «жасыл» технологияларды пайдалану, құрылыс материалдарын өндіру үшін базалар салу, машиналарға арналған тұрақ кеңістігін кеңейту, тұрғын үйді бизнеске айналдыру сынды мәселелер көтерілді.

Әкімдік пен құрылымдық бөлімшелер әрбір мәселені егжей-тегжейлі зерттейтін болады. Қала әкімі Алтай Көлгінов бұл алаң – құр сөздің емес, нақты істің алаңы екендігін айтты. Кәсіпкерлермен кездесулер тұрақты түрде өткізілмекші.


IQala бірыңғай қалалық қызметтер орталығы кәсіпкерлерге «бір терезе» қағидаты бойынша 90-нан астам қызмет көрсетеді. Жыл соңына дейін қызмет түрлерін 139-ға дейін арттыру жоспарлануда.

Қазіргі таңда кәсіпкерлер электр қуаты, жылу мен су, қоқыс шығару сынды мәселелер бойынша шоттарды бір жерде төлей алады. Цифрландыруға көшу аясында қызметтерді онлайн режимде iQala арнайы интернет-порталы арқылы төлеуге болады. Бұдан басқа, 2-ші қабатта кәсіпкерлерге тренингтер өткізіліп, заңгерлік және маркетинг қызметтері көрсетіледі.

Рекомендовать
Последние новости