Алтай ауданында көпбалалы 6 отбасы баспаналы болды

Dalanews 02 дек. 2020 04:01 746

Алтай ауданының әкімі К.Байгонусов жаңа үйлерден көпбалалы отбасылардың кілтін табыстады.

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 6 көпбалалы отбасы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін мерекелеу күні баспаналы болды.



Аудан әкімі жаңа пәтер иелерін жаңа үйімен құттықтады, сонымен қатар құрылысшыларға алғысын білдірді.

-Бүгін біз үшін ерекше күн. Біздің енді өз үйіміз бар. Біз барлық үй иелеріне мемлекет тарапынан көрсетілген қолдау үшін Елбасы Н.Назарбаевқа, Президент Қ.Тоқаевтқа,  облыс әкімі Д.Ахметовқа және аудан әкімі К.Байгонусовка зор алғысымызды білдіреміз, - деп атап өтті бақытты жаңа қоныс аударушылар.

Рекомендовать
Последние новости