Алтай ауданы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына қандай жетістікпен жетті?

Dalanews 23 дек. 2021 18:03 887

Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданының әкімі Қалихан Байғозынұлы өлкенің Тәуелсіздік жылдарындағы негізгі жетістіктерін баян етті. 

Әкімнің атап өткеніндей Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде Алтай қарқынды дамып, облыстың маңызды өнеркәсіптік аймақтарының біріне айналған. Бүгінде ауданда 72 кәсіпорын жұмыс істейді. Оның 67-сі шағын, үшеуі орта және екеуі ірі кәсіпорын.

Аудан халқының басым бөлігін жұмыс орындарымен қамтамасыз ететін негізгі кәсіпорындар «Қазмырыш» ЖШС-ның «Алтай» тау-кен байыту кешені және «Бұқтырма цемент компаниясы» ЖШС.


"2000 жылдан бастап аудан экономикасы тұрақты өсу кезеңіне өтті. Мемлекеттік даму бағдарламалары есебінен өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, шағын және орта бизнес саласы өркендей бастады. Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде Алтай ауданы қарқынды дамыды. Шығыс Қазақстан облысының маңызды өнеркәсіптік өңірлерінің бірі болған Алтай, бұл атағын осы күнге дейін осы сақтап келеді", – деді аудан басшысы өз сөзінде.

Қалихан Байғозынұлы әкімдік пен жергілікті кәсіпорындар арасында берік байланыс орнағанын, соның негізінде өндіріс жағдайларын жақсартуда әкімдік ұсынысы назарға алынғанын тілге тиек етті.

"Мысалы, «Қазмырыш» ЖШС Қазақстан Тәуелсіздігінің үш онжылдығы ішінде «Алтай» КБК бөлімшесін қазіргі заманғы жабдықтармен, техникамен, механизмдермен және ұйымдастыру техникасымен жарақтандыруды айтарлықтай арттырды. Тәуелсіздік жылдарында бұл жерде компания қызметкерлерінің еңбек жағдайлары айтарлықтай жақсарды", – деді аудан басшысы.

Тәуелсіздік жылдары ауданда бірнеше жаңа кәсіпорындар ашылған, соның негізінде жүздеген адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Атап айтар болсақ, бұлардың арасында фанера шығаратын "Фаворит" ЖШС-ы, темірбетон бұйымдарын өндіретін "ВЕРФ-строй" кәсіпорны бар.

"Сондай-ақ ҚР Мемлекеттік индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы бойынша, «жасыл экономика» аясында «Тұрғысын 1» компаниясы шілде айында алғашқы су электр станциясының құрылысын аяқтады", – деді Қалихан Байғозынұлы.

Рекомендовать
Последние новости