Алматының индустриялық аймағы халықты жұмыспен қамтуда қандай үлес қосуда?

Dalanews 07 дек. 2023 16:49 1025

2023 жылдың соңына дейін Алматы қаласының индустриялық аймағында жалпы сомасы 8 млрд теңгеге 6 жобаны жүзеге асырып, 400 жуық жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр, – деп хабарлайды Dalanews.kz Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының дерегі бойынша бүгінде 29 инвестициялық жоба бойынша құрылыс қызу жүріп жатыр.

Алматының индустриялық аймағы – ірі өнеркәсіптік және өндірістік бизнес жобаларға арналған аумақ. Мұнда 88 компания орналасып, 11 мың жұмыс орны ашылған.

Айта кетейік «Алматы индустриялық аймағы» ЖШС қатысушыларына бизнесті мемлекеттік қолдау аясында мынадай мүмкіндіктерді ұсынады:

1) Инвестициялық жобаны сатып алу және аукционнан өту қажеттілігінсіз оны іске асыруға жер учаскесін алу.

2) 2068 жылға дейін жер учаскесінің ұзақ мерзімді қосалқы жалдауын немесе оны кадастрлық құны бойынша сатып алуды ресімдеу (1 га үшін 42 млн теңге).

Бұл ретте, инвестор мынадай артықшылықтарды пайдаланады:

  • Инфрақұрылымды салу шығындарын азайту

  • Қатаң салалық байланыстың болмауы

  • Алматы индустриялық аймағының жұмыс істеу мерзіміне байланысты жер учаскесін жалға алу мүмкіндігі (2068 жылға дейін)

  • Рұқсат құжаттамасын алуға қолдау көрсету және көмек көрсету

  • Индустриялық аймақ аумағында дайын инфрақұрылымның болуы (газбен жабдықтау, сумен жабдықтау және сумен қамту, электрмен жабдықтау, нөсер кәрізі, ТЖ станциясы және ТЖ жүріс жолдары, талшықты-оптикалық байланыс желілері)

  • 2 миллион халқы бар қала аумағындағы ең ірі өнімді өткізу нарығы.


Сонымен қатар «Almaty Business 2025» бірыңғай өңірлік бағдарламасы аясында Алматы индустриялық аймағының инвесторы инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға дейін сүйемелдеу, рұқсат құжаттарын алу және банктерде қарыздар бойынша кеңес алу түріндегі мемлекеттік жәрдем алады.

2023 жылы қазанда Алматы индустриялық аймағының өндірістік кешендері үшін мамандар даярлайтын инновациялық техникалық колледждің құрылысына бөлінген аумақта жұмыс басталды. Бұл Алматы индустриялық аймағындағы жалпы құны 9 млрд теңге болатын басым жобалардың бірі.

Рекомендовать
Последние новости