Алматының деректер базасы Сингапурдың іс-тәжірибесіне сүйеніп жасалған

Dalanews 26 мая 2021 10:30 1021

Алматының Цифрландыру басқармасының деректерді басқару бөлімінің басшысы Аида Дәрменова өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде оның қандай АТ платформа екені және қалай жұмыс істейтіні туралы айтып берді, – деп хабарлайды Dalanews.kz Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы қаласының Бірыңғай деректер базасының (БДБ) арқасында мемлекеттік органдар, коммерциялық ұйымдар мен академиялық институттар деперсонализацияланған деректермен алмаса алады.

Аида Дәрменованың айтуынша, 2020 жылғы пандемия кезеңі қалалық бірыңғай деректер базасын құру қажеттігін көрсетті.

– Қазіргі кезде қала бойынша деректер вертикальді ведомстволық қағидат бойынша жиналады (басқармалардан жетекшілік ететін министрліктерге), бұл қала бойынша түрлі деректерді алу, талдау және интеграциялау кезінде қиындықтарға алып келеді. Бұл ретте маңызды қалалық деректердің иелері тек мемлекеттік органдар ғана емес, коммерциялық компаниялар екенін де ескеру қажет. Сондықтан бірыңғай деректер базасын құру туралы шешім қабылданды, оған Алматы қаласы әкімдігінің барлық басқармаларының, ведомстволық бағынышты және серіктес ұйымдарының деректері жиналуы тиіс, – деп түсіндірді жобаның құрылу мақсатын Аида Дәрменова.

Айта кету керек, алматылық әдіс Қазақстан нарығында бірегейі – әдетте, деректер базасы тек мемлекеттік және коммерциялық деректер қоры үшін ғана жасалатын.

Алматы қаласы ӨКҚ брифингінде Цифрландыру басқармасының өкілі бірыңғай деректер базасын әзірлеу кезінде 30 жыл бойы ұлттық және жергілікті деңгейдегі мемлекеттік органдар жұмыс істейтін Сингапурдың тәжірибесін пайдаланғанын айтты.


Бұл ретте БДБ-ның отандық деректер базасы Алматы тұрғындары мен бизнестің қажеттіліктеріне негізделе отырып құрылады.

– Деректерді тиісті түрде басқару адамның деректер соңынан «жүгіруін» емес, деректердің адамның соңынан «жүгіруіне» мүмкіндік береді. Мұны іс жүзінде жүзеге асыру үшін өткен жылдың төртінші тоқсанынан бастап біздің Цифрландыру басқармасы CrimsonLogic және «Алсеко» компанияларымен бірлесіп, Алматы бойынша жеке тұлғалардың деректерін және «Алсеко» коммуналдық төлемдердің бірыңғай базасын интеграциялау бойынша пилоттық жобаны іске асыра бастадық, – деді Аида Дәрменова.

Бұрын «Алсеко» жағдайына талдау жүргізілді, онда қаланың әкімшілік аудандарында тұратындардың саны бойынша 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында коммуналдық төлемдерді төлеу сомасы зерттелді.

– Біз Жетісу және Наурызбай аудандарын мысал ретінде қарастырдық. Бұл ретте Жетісу ауданында тіркелген тұрғындар саны 30%-ға көп, бірақ төлем сомасы Наурызбай ауданына қарағанда 15 есе жоғары. Осылайша, Наурызбай ауданында коммуналдық қызметтерді жеткізушілер базаларында тіркелген адамнан гөрі әлдеқайда көп адам пайдаланады деп болжауға болады, – деп жалғастырды Аида Дәрменова.

2021 жылғы наурызда біріктірілген деректер коммуналдық төлемдер түбіртектерінде пайда болды, онда нақты мекенжайда тіркелген азаматтардың саны көрсетілген. Интеграция нәтижесінде коммуналдық қызметтерді жеткізушілердің базалары едәуір артты: жеткізушіге байланысты 23% және одан да көп.

– Мысалы, «Алматы Су» мекемес тұтынушылар базасы 258 мыңға жуық адамға артты. Жеке есепке алу аспаптары жоқ жеке шоттарда 87 мыңнан астам тұтынушы анықталды, бұл компанияның тек наурыз айында есептеулерінің 58,7 млн теңгеге және тиісінше сәуір айында 55,5 млн теңгеге ұлғаюына әкелді, – дейді Цифрландыру басқармасының өкілі.

Осы деректердің арқасында коммуналдық қызметтерді жеткізуші компаниялардың кірістерін ұлғайту есебінен коммуналдық қызметтердің инфрақұрылымдарын жаңғырту және кеңейту бойынша жұмыстар жүргізіледі деп жоспарлануда.

Аида Дәрменова Бірыңғай деректер базасының пайдалы екнін дәлелдейтін тағы бір мысал келтірді.

– Мекенжай анықтамалары әлдеқашан жойылғанын бәрі біледі, бірақ кейбір коммуналдық қызметтерді жеткізушілердің ішкі құжаттарында мекенжай анықтамасы талап ретінде жазылған. Қазір коммуналдық қызметтерді жеткізушілер өзара әрекеттесудің жаңа регламентін дайындауда, ол қаланың барлық жеткізушілері үшін бірдей болады және деректермен жұмыс істеудің заманауи тәсілдерін көрсетеді, – деді А. Дәрменова.


Қалада тіркелген азаматтар туралы деректер көзі ел бойынша эталондық болып табылатын жеке тұлғалардың мемлекеттік деректер базасы болады деп жоспарлануда. Алматы қаласының бірыңғай деректер қоймасының арқасында өнім берушілер күнделікті негізде ЖТ МДҚ-нан нақты мекенжайда тіркелген азаматтардың саны туралы өзекті ақпаратты ала алады.

Рекомендовать
Последние новости