Алматының белді университетінде қыздардың "жеке дерегі" тарап кетті: тергеу басталды

Сағыныш Сардарова 15 февр. 2024 11:34 2578

Алматы прокуратурасының нұсқауымен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне қатысты дербес деректерді тарату бойынша соталды тергеп-тексеру басталды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Алматы қаласының прокуратурасы мәліметінше, 14 ақпанда Бостандық ауданының полиция басқармасы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттерінің медициналық құпиясы туралы жеке деректер мен мәліметтерді тарату дерегі бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 147-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тіркеген. Қазіргі уақытта қылмыстық іс аясында қажет тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Бұған дейін Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек осы оқиғаға қатысты пікір білдірді. Өйткені WhatsApp желісінде осы университеттің студент қыздарының аты-жөндерімен бірге ЖСН, ұялы нөмірлері және медициналық мәліметтері тарап кеткен болатын. Мұнда қыздардың кейбір жеке ақпараттары да көрсетілген.

"Бұл - тікелей заңбұзушылық. Сондықтан мәселе бақылауға алынды. Кінәлілер қолданыстағы заңнама аясында жазаланады. Жеке деректерді қорғау туралы заң бар. Бұл әкімшілік құқық бұзушылық туралы мәселе болып отыр", - деді Саясат Нұрбек кулуарда.

 


Рекомендовать
Последние новости