Батыс Қазақстанда бюджеттен 57 миллион теңге жымқырылған

Көркем Алдабергенова 14 февр. 2024 16:28 2246

Батыс Қазақстанда бюджеттен 57 миллион теңге жымқырылған, - деп хабарлайды Dalanews.kz Антикорға сілтеп. 

Батыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің "Спортты дамыту дирекциясы" РМҚК бұрынғы директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

Тергеу деректері бойынша,күдікті 2021-2022 жылдары алдау арқылы жалпы сомасы 57 млн теңге бюджет қаражатын жымқырған. Бұл қаражатты БҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасы "Artsport" бағдарламасы бойынша жан басына қаржыландыру шарты шеңберінде балаларды оқыту бойынша көрсетілетін қызметтерге "Ақжайық ФК" ЖШС-не бөлген.

Соттың санкциясымен ол қамауға алынды.

Қазіргі уақытта қалған адамдардың қылмысқа қатысы тексерілуде және жымқырудың қосымша эпизодтарын анықтау жұмыстары жалғасып жатыр. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.


Рекомендовать
Последние новости