Алматылық тиктокер 10 жастағы қыздарға қырындаған

Көркем Алдабергенова 10 янв. 2025 12:56 319

TikTok-та миллиондаған оқырманы бар блогер кішкентай қыздармен сөйлесіп, хат алмасып, қырыңдап жүрген болып шықты. Хаттарда блогер кішкентай қыздарға сезімін білдірген. Бұл туралы блогердің әйелі жайып салды, деп хабарлайды Dalanews.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеп. 

Бұл жағдай әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Миллиондаған оқырманы бар блогер 10 және 11 жастағы қыздарға қырыңдап жүрген. Әйелі күйеуінің телефонынан кішкентай қыздарға сезімін білдірген хаттарын тауып алған. Артынша блогердің әйелі ажырасуға арыз берген. 

Желі қолданушыларының сөзінше, блогердің балаларға арналған барбершобы бар, арасында кішкентай балалармен видеолар түсіріп тұрады. 

Блогердің әйелі бірден қыздардың анасымен байланысқа шыққан, алайда олар бұл жайттан еш әбестік көрмеген. Осылайша әйел адам күйеуінің қыздармен сөйлескен скриндары мен өзге де материалдарды әлеуметтік желіде тарата бастады. Бірақ блогер қырыңдаған қыздардың анасы оның бәрін өшіруді талап етіп, сотқа шағымданатынын айтқан. 

Қазіргі уақытта бұл іс Балалар ісі жөніндегі уәкіл Динара Зәкиеваның бақылауында. 

Алматының полиция департаментінің мәліметінше, блогер бұрынғы әйелім жала жапты деп шағымданған. 

Қазіргі уақытта тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Педофилия дерегі бойынша полицияға ешқандай арыз түскен жоқ, дейді полицейлер. 


Рекомендовать
Последние новости