Алматыдағы қару-жарақ дүкендері жабылды

Dalanews 18 июл. 2016 07:43 1768

Алматыдағы барлық қару-жарақ дүкендері белгісіз уақытқа дейін жабылды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Қазақстандағы «Қорамсақ» қару-жарақ ассоциациясының вице-президенті Сергей Катнов хабарлады. Оның айтуынша, барлығы да күшейтілген күзеттің қарамағында.

Осыған дейін Алматыда Алмалы аудандық ІІБ маңы қоршауға алынған болатын. Куәгерлердің айтуынша, Никольский базарының аумағында атыс болып жатыр. Бұл жерде аудандық полиция басқармасы орналасқан. Сонымен қатар, куәгерлер көрші ғимараттардағы адамдарды кеңселерінен шығармай отыр екен.

Таяу маңда орналасқан кеңседегілердің айтуынша, 10 рет оқ атылған. «Бастапқыда тапаншамен бір-бірден оқ атылды, кейін жылдам атыла бастады. Белгісіз біреу қолына автомат ұстап алып, Байтұрсынов көшесінің бойымен жүгіріп өтті, кейін артынан полицейлер қуды», – дейді олар.

Одан кейін Алматыдағы ҰҚК Департаментінің ғимараты қоршауға алынды. Куәгерлердің айтуынша, жедел жәрдем мен полиция ғимараты алдына келіп тұр, жарақат алғандар туралы хабарланып отыр. Куәгерлердің айтуынша, жедел жәрдем мен полиция ғимараты алдына келіп тұр, жарақат алғандар туралы хабарланып отыр. Сонымен қатар, атыс кезінде екі полицей жарақат алғаны туралы хабарланған болатын. Жараланғандардың бірі Құрманғазы-Шәріпов көшелерінің қиылысында жатыр.

Рекомендовать
Последние новости