Алматыдағы лай көшкіні: 4 адамның да денесі табылды

Қаракөз Амантай 08 февр. 2024 13:27 7299

Алматыда болған оқиға орнынан құтқарушылар 1984 жылы туған ер адамның, 1980 жылы туған әйел адамның және 2007 жылы туған екі жасөспірімнің денесін тауып, алып шықты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

ТЖМ мәліметінше, министрлік үйінділерді бөлшектеу және балшық массасынан тазарту жұмыстарының әлі жалғасып жатқанын айтты. 

"Жұмыстың қиындауына өткір зат, әйнек, арматура, саз балшық массасының үлкен болуы және техниканы толық пайдалана алмау мәселесі себеп болды. Жұмыс негізінен қолмен жүргізіліп жатыр", – делінген хабарламада. 

ТЖМ психологтары марқұмдардың туыстары мен көршілеріне шұғыл психологиялық көмек көрсетеді.

Еске салсақ, 8 ақпанда Медеу ауданының "Тау Самалы" шағын ауданындағы Олимпийская көшесі бойында техногендік сипаттағы топырақтың лайлануы салдарынан лай көшкіні болған. Әкімнің тапсырмасы бойынша болған оқиғаның себептерін тексеру және лай көшкіні салдарын жою бойынша арнайы топ құрылды.


Рекомендовать
Последние новости