Алматыдағы күзетшінің өліміне қатысты іс бойынша тың деректер шықты

Сағыныш Сардарова 30 окт. 2024 13:11 3429

Алматы полициясы биыл наурызда "Меркур Тауэрс" тұрғын үй кешенінің күзетшісін көлікпен бірнеше рет соққан бұрынғы депутаттың ұлына қатысты іс туралы айтты, - деп хабарлайды Dalanews.kz Tengrinews.kz-ке сілтеп.

Кісі өлтіру дерегі бойынша тергеу басқармасы соталды тергеу жүргізіп жатқаны белгілі болды.

"Күдікті бірден қамауға алынды. Бұған дейін соталды тергеу мерзімі сот-психиатриялық зерттеу жүргізуге байланысты үзілген болатын. Қазір қайта жанданды, тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу аяқталғаннан кейін қылмыстық іс материалдары сотқа беріледі", - деді полиция.

Айта кетейік, марқұм Нұрбол Қайыпбаев отбасының жалғыз асырушысы болған. Тұрғын үй кешенінде ол екі жылдан бері 165 мың теңге айлыққа жұмыс істеп келіпті. 

"Баламның не жамандық жасағанын білмеймін ғой, бірақ балам аңқылдақ болатын. Ешкімге жаманшылдығы жоқ еді. Балам жоқ қой. Баламның орнын немен толтырады алады?! Білмеймін ғой, немен толтыра алатынын", - деді марқұмның анасы Майра Қайыпбаева.

"Кеше екінші тәулігі болған. Бүгін үйге келу керек еді. Таңертең хабарласып едім, басқа бір кісі телефон алды да, "сіз жолдасысыз ба, Нұрбол қазір ауруханада" деді. Ондай адамlы шығармау керек. Қайтадан тағы біреуді өлтіреді. Оны өлтірмеу керек, түрмеде қинау керек, өмір бойына ..." - деді марқұмның жары Әсем Молдахунова.

Бұл жағдайға қатысты полиция қылмыстық іс қозғады. 

"Кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ер адам қазір уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған. Қылмыстың басқа да мән-жайы анықталып жатыр", - деді бұған дейін Алматы ПД бастығының орынбасары Рустам Шәрібаев.

Сонымен қатар, марқұмның жақындары қылмыскердің жазадан сытылып кетпеуін талап етті.


Рекомендовать
Последние новости