Алматыда түнде бірнеше жер сілкінісі тіркелді

Сағыныш Сардарова 30 янв. 2024 09:23 3243


Алматының оңтүстік-шығысында 30 қаңтарға қараған түні бірнеше жер сілкінісі тіркелді. Жер асты дүмпуінің эпицентрі Қытай аумағында орналасқан. Бұл туралы Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу ғылыми орталығы өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Dalanews.kz.


Алғашқы жер сілкінісі Қазақстан аумағында сезілмеді. Ол 30 қаңтарда Алматы уақыты бойынша 03:03-те болды.


Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 278 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы-10,5. MPV магнитудасы - 4,5. Эпицентрдің координаттары - 41.14°с.е. 78.8°ш.б. Тереңдігі - 10 километр.


Екінші жер сілкінісі Алматы уақыты бойынша сағат 04:27-де тіркелді. Эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 293 шақырым жерде орналасқан.



Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 13,3. MPV магнитудасы - 5,8. Эпицентрдің координаттары - 40.89°с. е. 78.63°ш.б., тереңдігі - 10 километр. Алматы қаласында екі балл ретінде сезілген.



Одан кейінгі жер асты дүмпуі Алматы уақытымен 05:17-де Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 275 шақырым жерде тіркелді.


Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 10,4. MPV магнитудасы - 4,4. Эпицентрдің координаттары - 41.06°с.е. 78.59°ш.б., тереңдігі - 5 километр. Қазақстан аумағында сезілмеген.


Тағы бір жер сілкінісі сағат 05:30-да тіркелді. Оның эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 275 шақырым жерде орналасқан.


Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 10,4. MPV магнитудасы - 4,5. Эпицентрдің координаттары - 41.05°с.е. 78.57°ш.б. тереңдігі - 15 километр. Қазақстан аумағында сезілмеген.



Рекомендовать
Последние новости