Алматыда төрт баланың әкесі Forte-ден жаңа Camry ұтып алды

Көркем Алдабергенова 17 окт. 2024 09:00 5094

Алматылық Заңғар Тлеубаев ForteBank-тің «ОйБой Camry» ұтыс ойынына қатысып, су жаңа Toyota Camry75 автокөлігін жеңіп алды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

40 жастағы алматылық азамат жаңа автокөліктің кілтін 16 қазанда Астанада өткен салтанатты жиында қолына алды. Ер адамның сөзінше, ол ForteBank-тан бөліп төлеу арқылы тұрмыстық техника сатып алған. Бұған дейін ұтыс ойындарында ешқашан жеңіп көрмеген алматылық азамат бұл жолы да ұтамын деген үміті болмаған екен.

«Маған хабарласқан кезде, бастапқыда сенбедім. Ең бірінші әйеліме хабарлап едім, ол маған «бұл алаяқтар, ешқандай ақша жіберме» деп айтты. Ал кешке ұлым Forte-нің Instagram парақшасын көрсетіп, менің расында ұтыс ойынында жеңіп алғанымды айтты», - дейді жеңімпаз.

Заңғар әйелі Салтанатпен төрт бала тәрбиелеп отыр. Олар енді жаңа Camry отбасылық өмірінде нағыз көмекші болмақ дейді.

«Балаларымның бәрі үйірмеге барады - фортепиано, теннис, су добы. Жалпы кейде жан-жаққа кетіп қаламыз, оның үстіне Алматыдағы бітпейтін жол кептелісі де бар. Енді екі көлікпен бәріне үлгереміз. Балалардың жартысын мен, жартысын әйелім таситын болады», - дейді Заңғар.   

Заңғар Forte-нің тұрақты клиенті екенін, әсіресе тұрмыстық техника мен өзге тауарларды бөліп төлеп алу кезінде және несие картасын қолданатынын айтады.

«Менің өмірім ForteBank-пен тікелей байланысты, біздің зауыт Forte-мен серіктес болғандықтан жалақымызды осы банк арқылы аламыз, несие алдым және Forte Black несие картам бар. Ал жақында Solo картамды Visa Signature-ге ауыстырып алдым, ол арқылы әуежайлардағы лаунж-аймақтарға 10 рет тегін кіре аламын. Forte карталары арқылы жақсы кэшбек түседі. Түсіп жатқан кэшбектерді үнемі бақылап отырамын», - дейді алматылық азамат.

Айта кетейік, Forte 2018 жылдан бері автокөліктер ұтысын жасап жүр. Қазіргі таңда 39 адам жаңа автокөліктің иесі атанып үлгерген. «ОйБой Camry» ұтыс ойынына 17 мыңға жуық адам қатысқан. Жеңімпаздар кездейсоқ сандар генераторының көмегімен анықталды. Ұтыс ойынының нәтижесі тікелей эфирде ForteBank-тің Instagram-дағы парақшасында көрсетілді.

Жыл соңына дейін тағы бір Camry ұтысқа салынбақ. Ұтыс ойынына 2024 жылдың 23 желтоқсанына дейін қатысуға болады. Ол үшін Forte-ден 100 000 теңгеден бастап несие алып немесе қайта қаржыландыру жасау қажет. Сонымен қатар, ForteBlack картасының несие жеңілдіктерін пайдалануға болады. Ұтыс ойынына қатысу үшін Forte мобильді қосымшасындағы «Промо» бөлімінде «Қатысқым келеді» (Хочу участвовать) батырмасын басу қажет.


Рекомендовать
Последние новости