Алматыда құрылыс компаниясы заң бұзғаны үшін лицензиясынан айырылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Мердігер қала аумағындағы бірнеше нысанда құрылыс жұмыстарын жүргізіп келген. Соның ішінде №112 жалпы білім беретін мектеп ғимаратына қосалқы құрылыс салу және Әуезов ауданындағы абаттандыру жобалары бар.
"Барлық нысанда жоспардан тыс тексеріс жүргізіліп, оның нәтижесінде құрылыс-монтаж жұмыстары кезінде жобалық шешімдерден ауытқу және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормалардың талаптарын сақтамау деректері анықталды", - деді әкімдік өкілдері.
Тексеріс қорытындысы бойынша "СК 7 Строй" ЖШС-ға әкімшілік шаралар қолданылып, ол құрылыс қызметін жүзеге асыруға берілген лицензиясынан айырылды.
