Алматыда қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері қаралды

Dalanews 29 окт. 2021 04:55 867

Алматы қаласы әкімі әкімі Бақытжан Сағынтаев қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің өзекті мәселелері бойынша терроризмге қарсы комиссияның отырысын өткізді, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Арнайы қызметтер, құқық қорғау органдары мен қалалық басқармалар басшыларының қатысуымен өткен кеңес барысында деструктивті элементтердің құқыққа қарсы әрекеттерін дер кезінде анықтау және жолын кесу жөнінде қабылданатын шаралар қаралды.

Алматы қаласы Дін істері басқармасының басшысы Н. Қиқымов діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу туралы баяндады. Қалалық Полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Н. Алмасбеков қару, оқ-дәрі және жарылғыш заттар айналымына байланысты құқық бұзушылықтарға жол бермеу туралы баяндама жасады. Өз кезегінде, қалалық Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының басшысы Н. Тоғызбаева дәстүрлі емес діни ағымдардың ықпалына ұшыраған адамдар арасында деструктивті идеялардың таралуын болдырмау жөніндегі жұмыстар туралы хабарлады.

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев жағдайды қатаң бақылауда ұстауды тапсырды, құқықтық тәртіпті, қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету мегаполистің динамикалық дамуы мен қала тұрғындарының өздерін жақсы сезінулері үшін маңызды міндет екенін атап өтті.

Рекомендовать
Последние новости