Алматыда Мүсірепов атындағы театр жанындағы сквер көркейтіледі

Ақтоты Жапатова 18 июн. 2025 09:45

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Мүсірепов атындағы театрдың маңында орналасқан скверге барды. Өнер ордасынның айналасын күрделі жаңарту жоспарланып отыр. Сәулетші Нелли Лаптева қала басшысына аумақты болашақта көркейту жобасын ұсынды,- деп хабарлайды Dalanews.kz

Жоба аясында заманауи жарық тартылып, ойын алаңы орнатылады, әткеншегі бар пергола, ыңғайлы демалыс орындарын құру секілді жұмыстар жүргізілмек.

Жобамен танысу кезінде қала басшысы кеңістікті театр тақырыбына сай безендірудің маңыздылығына тоқталды. Бұл бағытта Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры маңындағы аумақтың көркемделу үлгісі ескерілмек.

Сәулетші бұл тұжырымдамада балаларға арналған ойын элементтері мен интерактивті жарық жүйесі қарастырылғанын атап өтті. Жарық құрылғылар қимыл-қозғалыс кезінде, адам жүргенде автоматты түрде жанады.

Жұмыс сапарының соңында әкім Гоголь көшесіндегі бір аулаға барды. Мұнда «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында инфрақұрылым жаңартылып жатыр. Дархан Сатыбалды тұрғындармен тілдесіп, пікірін тыңдады. Алматылықтар ұсыныстарының ескерілгенін және жұмыстардың сапасына көңілі толатынын жеткізді.


Рекомендовать
Последние новости