"Елдің ақшасы қайда?" Танымал журналист Ілияс Сариевке қатысты тағы бір деректі айтты

Сағыныш Сардарова 16 июн. 2025 10:08

Жуырда танымал қайырымдылық қордың жетекшісі Ілияс Сариев ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Журналист Руслан Өтепбай жаңа деректі бөлісті, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Осы істе Ақтоты есімді тағы бір адам аталды.

"Күдікті Ақтоты Дүйсееваға қатысты 2 (екі) ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берілді.  Ол дегеніміз Ақтоты тергеу амалдары кезінде бостандықта шалқып жүрмейді, сотты "СИЗО"-да күтеді деген сөз. Елдің ақшасы қайда? Мұны құзырлы орган анықтайды деп ойлаймын…  3 айдан бері жіті назарымда болған Ілияс пен Ақтотының ісі таяу күндері сотқа жолданады", - деді журналист.

Блогер неліктен ұсталды?

"Елге көмек бер" қайырымдылық қорының жетекшісі Ілияс Сариев ұсталғанын алғашында заңгер Нұрсұлтан Орынбеков мәлімдеді. Оның сөзінше, жұрттан Сариевтің үстіне арыз түскен.

"Қазақ Робин Гуд Ілияс Сариев алаяқтық бабы бойынша ұсталды. Алматыдан осындай хабар келді. Бірнеше адамнан алаяқтық әрекеті бойынша арыз түскен еді. Қазір сол бойынша ұсталғаны белгілі болды. Алданғандар болса, Алматы ІІД-не арыздансаңыздар болады", - деді ол.

Артынша Dalanews.kz Алматы Полиция департаментіне сауал жолдап, ресми ақпарат та алды.

"Алмалы аудандық ПБ-на қарасты полиция бөлімі алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Жан-жақты және объективті тергеуге бағытталған тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Олардың қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады", - деп жазылған Алматы Полиция департаментінің бұған дейінгі жауабында.


Рекомендовать
Последние новости