«Қазхром» экологияны ластағаны үшін 854 млн теңге айыппұл төледі

Көркем Алдабергенова 13 июн. 2025 17:30

Павлодар облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокурорының қаулысымен «Қазхром» трансұлттық компаниясына қатысты ауаға ластаушы заттардың нормативтен тыс шығарылуы бойынша әкімшілік іс қозғалды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Компания филиалы – Ақсу ферроқорытпа зауытының РОК-2 қазандығынан атмосфераға рұқсат етілген нормадан 663,67 тонна көлемінде ластаушы заттар шығарылған.

Заң бұзушылық бойынша Павлодар облысының экология департаменті 854 млн теңге көлемінде айыппұл түріндегі әкімшілік жаза қолданды.

Айыппұл толығымен мемлекет кірісіне өндіріп алынды.


Рекомендовать
Последние новости