Алматыда мыңнан астам адам тегін кәсіптік оқудан өтеді

Dalanews 03 мая 2023 09:32 964

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында журналитермен жүздескен Алматы қаласының Жұмыспен қамту орталығының директоры Сағындық Кенжебаев тегін кәсіптік оқудан өтуге қатысушыларды саны күн өткен сайын артып келе жатқанын алға тартты. Күні бүгінге дейін қалада 343 адам тегін оқудан өту үшін Жұмыспен қамту орталығына жүгініпті.

Спикердің айтуынша, 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жобаға сәйкес, жұмыспен қамту орталығы, ұзақтығы 3 айға дейінгі кәсіптік оқу оқытады.

– Ағымдағы жылда Алматы қаласы бойынша 1000 адамды кәсіптік оқытуға жіберу жоспарлануда, оның ішінде: жұмыс берушілердің сұранысы бойынша білім беру ұйымдарына 687 адамды және жұмыс берушілердің жұмыс орнында кәсіптік оқытуға – 313 адамды жіберу жоспарлануда, – деді С.Кенжебаев.

Сонымен қатар, Өңірлік комиссия отырысында:

- жұмыс берушілердің сұранысы бойынша, оқу ұйымдарында кәсіптік оқытуды ұйымдастыру үшін жұмыс берушілердің тізбесі, 42 жұмыс беруші 687 орынға 18 мамандық бойынша;

- жұмыс орнында кәсіптік оқытуды ұйымдастыру үшін жұмыс берушілерге арналған жұмыс берушілер тізбесі 13 жұмыс берушіден 11 мамандық бойынша 313 орын;

- жоғарыда көрсетілген Кәсіптік оқыту түрлері бойынша 2023 жылға бір адамға оқыту құны 50 мың теңгені құрайды.

Оқуға жіберілген қатысушылармен келісімшарт жасалып, оқу кезеңіне 21 787 теңге мөлшерінде ай сайынғы стипендия бөлінеді.

– Жұмыс берушінің жұмыс орнына тікелей жіберілген қатысушылармен еңбек шарты жасалады және халықты жұмыспен қамту орталығы ай сайын 20 АЕК (69 000 теңге) мөлшерінде жалақы төлейді. Жасалған әлеуметтік келісімшарт және еңбек шарты шеңберінде оқуды сәтті аяқтағаннан кейін, жұмыс берушілер жұмысқа орналасуға көмектеседі, – деп толықтырды спикер.

 

 

Рекомендовать
Последние новости