Алматыда лай көшкінінде зардап шеккен отбасы қауіп барын бұрыннан айтып жүрген

Сағыныш Сардарова 08 февр. 2024 09:55 2540

Алматыда түнде лай көшкіні жүріп, тұрғын үйлерге зақым келді. Төтенше жағдайлар департаменті өкілінің сөзінше, үйлердің бірінде 4 адам болуы мүмкін деген ақпарат түскен. Зардап шеккен отбасының досы Orda.kz тілшілеріне үйде, расында да, 4 адам барын растаған, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Оның сөзінше, бұл отбасы бұрыннан тау бөктеріндегі құрылыс туралы билікке жүгініп жүрген.

"Олар бұл жерде қауіпті екенін айтып жүрді. Кеңестік кезде салынған үй", - дейді ол.

Алматы әкімдігі мәліметінше, 8 ақпанда сағат 02-20-да "Тау Самалы" Медеу ауданы, Олимпийская көшесінің бойында техногендік топырақтың лайлануы салдарынан лай көшкіні жүрген.

Оқиға орнында "Қазсселденқорғау" ММ, Алматы қаласы "109 құтқару қызметі" Республикалық жедел-құтқару жасағы, Алматы қ. ТЖД, жедел жәрдем бригадасы, Медеу ауданы әкімдігінен 160 адам және 30 техника жұмыс істеп жатыр.

 


Рекомендовать
Последние новости