Бектеновтің орнына Дәдебаев келді

Сағыныш Сардарова 06 февр. 2024 17:02 3769

Олжас Бектеновтің орнына Президент әкімшілігіне басшылыққа Айбек Дәдебаев келді, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Айбек Арқабайұлы Дәдебаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалсын, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылсын", - деп жазылған Ақорда хабарламасында.

Ол бұған дейін Қазақстан Республикасы Президентінің іс басқарушысы қызметін атқарды.

Дәдебаев 1980 жылы 1 сәуірде Алматы қаласында туған.

2001 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін "халықаралық құжаттанушы" мамандығы бойынша тәмамдаған; 2003 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің магистратурасын аяқтаған, магистр-аймақтанушы.

2001-2002 жылдары Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті халықаралық туризм менеджменті кафедрасының оқытушысы болып еңбек жолын бастаған.

2021 жылғы 28 мамырдан бастап Қазақстан Республикасы Президенті іс басқарушысының орынбасары, ал 2022 жылғы 11 қантардан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысы болды.


Рекомендовать
Последние новости