Жаңа үкімет: Бейсембаев пен Жамаубаевқа орын жоқ

Жарас Кемелжан 06 февр. 2024 17:00 11138

Dala inside телеграм каналы таратқан ақпаратқа сенсек Бектенов үкіметінің құрамында аз-кем ауыс-түйіс болады. 

"Атап айтқанда, Экономика министрі Әлібек Қуантыров, Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев және Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев жаңадан жасақталатын Үкіметтің құрамына кірмейді",-деп жазады телеграм-арна. 

Айта кетелік, жаңа Үкіметтің толық құрамы бүгін кешке дейін белгілі болмақ. Ертең президент Тоқаевтың қатысуымен су жаңа министрлер кабинетінің кеңейтілген отырысы өтеді. 

Осының алдында президент Тоқаев үкімет неліктен доғарысқа кеткенін ашып айтқан. 

“Жаңа тәсілдер дайындалады. Үкіметке жаңа леп беру керек деп ойлаймын. Қоғам да осыны күтіп отыр. Сол себепті Әлихан Смайыловтың отставкаға кету туралы арызын қабылдадым”, – деген еді Мемлекет басшысы. 

 


Рекомендовать
Последние новости