Алматыда коронавирус жұқтырған науқас ауыр жағдайда жатыр

Dalanews 26 мар. 2020 15:27 787

Алматыда коронавирус жұқтырған науқасты дәрігерлер жасанды тыныс алу құрылғысына қосты.

Бұл туралы брифингіде Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев айтты деп хабарлайды Dalanews.kz 

Алматыға әзіргі уақытта коронавирус жұқтырған адам саны 40-қа жетті. Солардың бірі ауруы асқынуына байланысты жасанды тыныс алу құрылғысына қосылған.

"Бір науқастың жағдайы мүшкіл. Дем алысы ауырлай бастағандықтан жасанды тынысы алу аппаратына қосуға мәжбүр болдық.

Науқас 1956 жылы туған. Бұдан бұрын созылмалы обструктивті өкпе ауруына шалдыққан" – деді Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

Айта кетелік Қазақстандағы коронавирус бойынша 26 наурыздағы 21:00-дегі жағдай:

Коронавирус індетін жұқтырған тағы 2 адам Қарағанды қаласында тіркелді.

Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 61 адам,


Алматы қаласында – 40 адам,


Қарағанды қаласында –  4 адам,


Шымкент қаласында – 2 адам,


Алматы облысында – 1 адам,


Ақтөбе облысында – 1 адам,


Жамбыл облысында -1 адам,


Солтүстік Қазақстан облысында – 1 адам


Әзірге жалпы саны 111 науқас тіркелді.





Рекомендовать
Последние новости