Алматыда жер сілкінісі кезінде терезеден секіргендердің бірінің жағдайы ауыр

Dalanews 23 янв. 2024 05:11 961

Алматыда жер сілкінісі кезінде зардап шеккендердің саны 44-ке жетті. Біреуінің халі мүшкіл деп хабарлайды Dalanews.kz.

Тұрғын үйлердің екінші және үшінші қабаттарынан секірген үш адам зардап шекті.

Тексерістен кейін зардап шеккен екі адам амбулаторлық емдеуге жіберілді. Үшінші науқастың жағдайы ауыр деп бағаланып, ауруханаға жатқызылды. Бес адам үйден қашып бара жатып жарақат алған. Барлық қажет медициналық көмек көрсетілгеннен кейін олар амбулаторлық емдеуге жіберілді.

Алматыда қуатты жер сілкінісі сезілгені айтылды. ТЖД тағы да жер асты дүмпуінің болу ықтималдылығы төмен екенін айтты.


Жер сілкінісінің ошағы Қытайда, негізінен ұйғырлар қоныстанған Ушу провинциясында болды. Эпицентрдегі тербеліс магнитудасы – 7,0 балл. Құтқарушылар зардап шеккендер мен ғимараттардың қирауы тіркелмегенін айтты.

Алматыда жер сілкінісінен зардап шеккендердің саны 44-ке жетті.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, патрульдік полицияның саны ұлғайтылып, учаскелік инспекторларының тұрғын үйлерді аралауы ұйымдастырылды.


«Көлік өткізуді қамтамасыз ету және кептелістерді болдырмау мақсатында патрульдік полиция инспекторлары көлік қозғалысын қолмен реттеуге көшті. Сонымен қатар, Алматы полициясы азаматтарды үйлерінің есігін кілттеп жабуға шақырады», - деп хабарлады департаменттен.

https://dalanews.kz/news/98044-almatylyqtarga-zher-silkinisi-turaly

Рекомендовать
Последние новости