Алматыда емхана басшысы ұсталды

Dalanews 20 авг. 2021 06:37 741

Алматыда емхана меңгерушісі жалған вакциналау паспортын сатқаны үшін ұсталды, деп хабарлады қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.

Оның қарамағындағылар мен делдалдар да ұсталды.

Олар ақшалай сыйақыға 100-ден астам жалған вакциналау паспортын жасады және сатты деген күдікке ілінді, яғни медицина қызметкерлері денсаулық сақтау министрлігінің "Вакциналау" электронды модуліне жалған ақпарат енгізген, соның негізінде "egov.kz" электронды үкімет порталында азаматтардың коронавирус инфекциясына қарсы вакцина алғаны туралы жалған электронды паспорттар жасалған.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Күдіктілерге қатысты соңғы шешімді сот қабылдайды.

Жалған вакциналау паспортын жасады деген күдікке ілінгендерді қала прокуратурасының үйлестіруімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ұстады.

https://dalanews.kz/del-qazir/66220-bakeeva-vakcinasyz-biz-omir-boyy-kara

 

Рекомендовать
Последние новости