Алматыда ақбөкен мүйізін сатпақ болған адамдар ұсталды

Қаракөз Амантай 22 мая 2024 10:15 2212

Күдіктілер Алматы қаласы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлерімен жүргізілген арнайы іс-шараның нәтижесінде анықталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Арнайы іс-шараның негізгі кезеңін Алматы облысының аумағында жедел қызметкерлер мен арнайы жасақ жүргізді. Ол жерде «Хюндай» автокөлігі тоқтатылды, оның ішін тінту барысында 1 мың 212 дана көлеміндегі 8 қап мүйіз табылды және тәркіленді. Күдіктілер ПД-нің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ тыйым салынған өсімдіктер мен жануарлар түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - деді, Алматы қалалық полиция Департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Қуатбек Науатов.

ҚР ҚК-нің 201 бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.


Рекомендовать
Последние новости