Алматыда ағаштар зиянкестерден қорғаудың төртінші кезеңі басталды

Dalanews 24 авг. 2023 02:12 1371

Алматы қаласында ағаштарды зиянкестер мен саңырауқұлақ ауру қоздырғыштарына қорғау үшін биологиялық өңдеу ісінің төртінші кезеңі бастады, – деп хабарлайды Dalanews.kz Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы қаласы Экология және қоршаған ортаны қорғау департаментінің басшысы Серік Әділбаев бұған дейінгі үш кезең сәуір мен тамыз айлары аралығында жүргізілгенін айтқан болатын.

– Қаладағы ағаштар мен жасыл желектің жағдайын жақсартып, сақтап олардың түрлі зиянкестерге төзімділігін арттыру үшін 2,3 миллионнан астам ағашты биологиялық өңдеуден өткізуді көздеп отырмыз. Зиянкестердің биологиясына сүйене отырып, емдеу түнде және таңғы уақытта жүргізіледі, – деді Серік Әділбаев.

Ағымдағы жылдан бастап монофагты зиянкестерге барынша әсер ету үшін бірінші кезеңде (вегетациялық кезеңнің басы) емен ағаштарын үш рет, теректерге екі рет өңдеу жүргізіліп келеді.


Айта кету керек, бұрын өсімдіктерді биологиялық қорғау вегетациялық кезеңнің басында бір рет қана жүргізіліп келген еді. Алайда монофагтық зиянкестер үшін мұндай өңдеу жиілігі жеткіліксіз, бұл жасыл алқаптардың жағдайына теріс әсер ететіні жасырын емес. Жұмыста климаттық факторларды ескеріп, ел аумағында қолдануға рұқсат етілген және адамдарға, құстар мен жануарларға зиянсыз сертификатталған биологиялық және кейбір жағдайларда қауіптілігі төмен класты (Р-4) химиялық препараттар қолданылады.

Құзырлы орындар пуа райы қолайлы болып, жауын-шашын болмаса, төртінші кезеңді 20 қыркүйекте аяқтауды жоспарлап отыр.

 

Рекомендовать
Последние новости