Каратэден Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында жалпыкомандалық есепте 1-ші орынға көтерілді

Dalanews 25 июл. 2023 01:55 917

Каратэден Қазақстан құрамасы Малайзияда өткен Азия чемпионатында 3 алтын, 4 күміс және 4 қола медаль жеңіп алып,  жалпыкомандалық 1-ші орынға ие болды, – деп хабарлайды Dalanews.kz ҚР Мәдениет және спорт минстрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тұғырдың ең жоғары сатысына Қайсар Алпысбай (60 келіге дейін) және Нұрқанат Әжіқанов (75 келіге дейін) көтерілді.

Қыздар арасында Софья Берульцева (68 келіден жоғары) алтын медаль жеңіп алды.

Дидар Әмірәлі (67 келіге дейін), Мөлдір Жаңбырбай (50 келіге дейін), Гүлмира Үсенова (55 келіге дейін) және «кумитэ» бойынша ерлер командасы күміс медаль жеңіп алды.

Жоламан Биғабыл (55 келіге дейін), Лия Қошқарбаева («ката» жаттығуы), Данияр Юлдашев (84 келіге дейін) және Абылай Төлтай (84 келіден жоғары) құрама қоржынына қола медаль салды.

Жарысқа барлығы 31 елден 400-ден астам каратэ шебері қатысты. Қазақстанның намысын 19 спортшы қорғады. Біздің құрама жалпымедальдық есеп бойынша бірінші орынға көтерілді.


– Спортшылардың әрқайсысын құрлықтық біріншілікте жеңіп алған марапаттарымен құттықтаймын! Бұл шынымен де тарихи нәтиже. Команданың жаттықтырушылар құрамына алғыс айтқым келеді. Қазақстан құрамасына жеңіс тұғырынан түспей, алдағы Азия ойындарында да осындай нәтиже көрсетуге тілектеспін. Мұндай жетістік көптеген жас каратэшілерді болашақта үлкен жеңістерге шабыттандырады, деп үміттенемін. Ал, біз  спортшыларымызға барынша қолдау көрсетуді жалғастырамыз, – деді Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов.

Рекомендовать
Последние новости