Алматыда ағаш көшеттерін отырғызған мекемелер екі жыл күтіп-баптауды мойына алады

Dalanews 25 нояб. 2021 16:40 742

Алматы тұрғындары қаланы көгалдандыруды қалай басқара алатыны туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясы барысында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Серік Құсайынов айтып берді, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Спикер қазан айында мегаполисте қала тұрғындарына көшеттерді үлестіру бойынша «Жасыл қала» акциясы басталғанын атап өтті.

– Барлық тілек білдірушілер көппәтерлі үйлердің аулаларын және басқа да жалпы пайдалану орындарын көгалдандыра алады. Жасыл экономика басқармасы отырғызу үшін жапырақты ағаштардың көшеттерін тегін таратады. Осы күзде 1500-ге жуық ағаш көшеттері таратылды, – деді Серік Құсайынов.

Акцияның шарттары бойынша оған қатысушылар екі жыл бойы отырғызылған ағаштарды күту туралы кепілдік міндеттемеге қол қойып, жоспарланған отырғызу орнын, көшеттер санын және олардың тұқымдық құрамын көрсетуі тиіс. Көшеттерді тарату аудан әкімдіктері арқылы жүзеге асырылады. Отырғызғаннан кейін фотоесеп жіберу керек.

15 қарашадағы жағдай бойынша 33 193 көшет, оның ішінде 22 931 ағаш және 10 262 ағаш бұталары отырғызылды.

Алматы әкімінің орынбасары 2025 жылға дейінгі Дендрологиялық жоспардың әзірленгенін еске салды. Жергілікті органдардың жоспарында мегаполистің бір тұрғынына кемінде 10 м2 жалпы пайдалану орындарын жасыл екпелермен қамтамасыз ету көделген. Қазіргі кезде бұл көрсеткіш шамамен 7 м2 құрайды.


Ол қалада отырғызылған ағаштардың ассортименті климат пен топырақ құрамына байланысты ғылыми қауымдастықпен, ландшафт сарапшыларымен бірге таңдалатынын атап өтті. Сондай-ақ, әкімдіктің мақсаты қаланың әрбір ауданын біркелкі көгалдандырумен қамтамасыз ету. Алматыда жасыл желектерді суару үшін жаңа скважиналар салынды, арық желісі түгенделді, суару жұмыстары күшейтілді.

Зиянкестерге және зеңгі ауруларына қарсы төрт рет биологиялық өңдеу жолымен ағаштарды сауықтыру және емдеу бойынша профилактикалық жұмыс қатар жүргізіледі.

2021 жылдың көктемгі маусымында Jasyl Almaty бағдарламасы аясында өтемдік міндеттемелер есебінен 64 мыңнан астам ағаш отырғызылды, оның ішінде тұрғындардың қатысуымен аула ішіндегі аумақтарға ағаш отырғызылды.

Рекомендовать
Последние новости