Алматыда 9-қабаттан құлаған 18 жастағы бойжеткен тірі қалды

Сағыныш Сардарова 22 окт. 2025 15:36

Алматыда 9-қабаттан құлаған 18 жастағы бойжеткен тірі қалды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Куәгерлердің айтуынша, ол құлаған сәтте үстінде іш киім ғана болған. Көршілері қыздың пәтерде құрбысымен бірге болғанын айтады.

Полиция оқиға бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеу бастаған.

"Жетісу аудандық полиция басқармасы істің мән-жайын анықтап жатыр", - деді ведомство өкілі.


Рекомендовать
Последние новости