Оқушылар күзгі демалысын қалай өткізеді? Министрлік түсініктеме берді

Қаракөз Амантай 20 окт. 2025 14:11

27 қазан мен 2 қараша аралығында еліміздің мектеп оқушылары күзгі демалысқа шығады. Осы кезеңде Оқу-ағарту министрлігі әзірлеген «Адал азамат» бағдарламасы аясында балалар түрлі мәдени, танымдық және ағартушылық іс-шараларға қатысады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Оқушыларға келесі бағыттар бойынша демалысты тиімді өткізу ұсынылады:

  • "Каникулда кітап оқимыз" жобасына қатысу;
  • "Буллингтен қорған" атты қауіпсіздік сабақтарына бару;
  • мектеп театрлары ұйымдастырған қойылымдарды тамашалау.

Министрлік өкілдерінің айтуынша, демалыс кезінде балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударылады. Бұл бағытта жол-көлік оқиғаларының алдын алу, көшеде өзін-өзі ұстау ережелерін сақтау, өрт және киберқауіпсіздік тақырыптарында түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар ата-аналармен тығыз байланыс орнату да басты назарда болмақ.


Рекомендовать
Последние новости