Алматыда 30 сәуір күні сағат 11:00–де сирена дыбыстары іске қосылады,– деп хабарлайды Dalanews.kz
ТЖД мәліметінше, жалпы қалалық жоспарлы сейсмикалық жаттығу өткізіледі.
"Дыбыстық сигналды естіген кезде дереу теледидар мен радиоқабылдағышты қосып, интернет-ресурстар мен мобильді қосымшалар арқылы ресми ақпарат алып, одан әрі әрекет ету бойынша нұсқаулармен танысу қажет.
Сейсмикалық жаттығу басталғанға дейін дабыл шабаданын дайындаңыз, қауіпсіз жерге апаратын ең қысқа жолды анықтаңыз. Естеріңізге сала кетейік, қауіпсіз орын – бұл электр желілерінен, ағаштардан және ғимараттардан алыс орналасқан ашық алаң", - делінген хабарламада.
Алматы қаласында халықты қабылдайтын 384 пункт бар.
Халықты қабылдау пункттері туралы толық ақпарат 2ГИС картасында «зардап шеккен халықты қабылдау пункттері» деп іздеу арқылы және Алматының Төтенше жағдайлар департаменті мен әкімдіктің ресми сайтынан табуға болады.
Әрі қарай қолжетімді хабарлау құралдары (дағдарыс шабаданындағы радиоқабылдағыш, мобильді қосымшалар, сиреналық-дауыс құрылғылары және т.б.) арқылы келесі іс-әрекеттер бойынша нұсқаулықтарды қатаң сақтаңыз.
Алматы қаласының ТЖД өткізіліп жатқан қалалық сейсмикалық жаттығу жоспарлы түрде жүргізілетінін еске салды. Азаматтарды сабыр сақтауға және белсенді қатысуға шақырамыз.