Олимпиада мен Паралимпиада жүлдегерлеріне мемлекеттік төлемдер жіберілді, - деп хабарлайды Dalanews.kz.
Қазақстан Республикасы Үкіметі 2024 жылы Парижде өткен XXXIII жазғы Олимпиада және XVII жазғы Паралимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне ақшалай сыйақы беру туралы қаулы қабылдады.
Қаулыға сәйкес Үкімет резервінен спортшылар мен олардың жаттықтырушыларына төлемдер жіберілді.
Барлығы 49 спортшы мен 63 жаттықтырушы ақшалай сыйақы алды.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес мынадай мөлшерде ақшалай сыйақылар қарастырылған:
- 1-орын — 250 000 АҚШ доллары;
- 2-орын — 150 000 АҚШ доллары;
- 3-орын — 75 000 АҚШ доллары;
- 4-орын — 30 000 АҚШ доллары;
- 5-орын — 10 000 АҚШ доллары;
- 6-орын — 5 000 АҚШ доллары.
Ақшалай сыйақы жүлдегерлердің бірінші, жеке және бас жаттықтырушыларына да берілген.
Сонымен қатар, Олимпиада мен Паралимпиада жеңімпаздары және жүлдегерлеріне жергілікті атқарушы органдар тарапынан қолдау көрсетілетіні айтылды. Әкімдіктер спортшыларға жергілікті коммуналдық тұрғын үй қорынан тегін пәтер ұсынады.
Айта кетейік, 23 сәуірде спортшы Назым Қызайбай басылымдардың біріне берген сұхбатында Олимпиададағы жүлдесі үшін әлі де пәтер кілті мен сыйақы алмағанын айтты. Бұл жайт қызу резонанс тудырды.