Қарулы шабуылдан кейін Берденовтің міндеті кімге жүктелді?

Қаракөз Амантай 24 апр. 2025 16:23 224

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қарулы шабуыл жасалғаннан кейін, оның атқарып келген қызметтік міндеттері уақытша түрде әкімнің бірінші орынбасары Қуаныш Асыловқа жүктелді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Берденов қаладағы құрылыс, сәулет, жер қатынастары мен қала құрылысы салаларын қадағалап келген. Енді бұл бағыттарға байланысты әкімшілік жұмыстарды Қуаныш Асылов жүргізеді.

Асылов бұл лауазымға 2023 жылдың қаңтар айында тағайындалған. Бұған дейін ол ҚР Президенті Әкімшілігінде мемлекеттік инспектор ретінде қызмет атқарған.

Еске сала кетейік,  21 сәуірде Шымкент қаласы әкімдігі ғимараты маңында атыс болды. Салдарынан Руслан Берденов жарақат алды. Полиция мәліметінше, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған, бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Ал Денсаулық сақтау министрлігі мәліметінше, Руслан Берденовке операция жасалған, өміріне қауіп жоқ.

"Шымкент қаласы әкімінің орынбасары оқ жарақатымен қалалық ауруханаға түсті. Оған шұғыл операция жасалды. Операция барысында қан кету тоқтатылды, зақым қалпына келтірілді. Өміріне қауіп жоқ", - деп жазылған хабарламада.

Мәліметке сүйенсек, оның жағдайы тұрақты ауыр деп бағаланады. Шенеунік дәрігерлердің тұрақты бақылауында және қажет медициналық көмекті алып жатыр.


Рекомендовать
Последние новости