Тоқаев Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасарларын тағайындады

Кәмшат Тілеухан 25 апр. 2025 12:50 608

2025 жылы 25 сәуірде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасарларын тағайындады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Мемлекет басшысы қол қойған өкімдер мәтінімен Ақорданың баспасөз қызметі бөлісті.

"Тимур Мифтахұлы Жантикин Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды;

Әсет Кеңесбекұлы Махамбетов Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды".

Айта кетсек, 2025 жылы 18 наурызда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі құрылды. Оған сол кездегі Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев төраға болып тағайындалды.


Рекомендовать
Последние новости