Алматы облысының жас фельдшері «Жас кеңес сыйлығын» жеңіп алды!

Жарбол Кентұлы 26 авг. 2024 11:32 1983

ҚР Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі «Жас кеңес сыйлығының» қазылар алқасы тағайындаған «Алтын жүрек» номинациясы бойынша, жерлесіміз Дархан Бақыткелдіұлы жеңімпаз атанды, – деп хабарлайды Dalanews.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл марапат қоғам үшін маңызды салаларда жұмыс істейтін, жетістіктері жиі елеусіз қалатын жас мамандарға беріледі.

Дархан медицинаға сіңірген еңбегі мен адалдығы үшін лайықты марапатқа қол жеткізіп, диплом және бір миллион теңге сыйлық алды.

Өткен жылы барлық республикалық БАҚ, Дарханның аз ғана тәжірибесінде жеті сәбидің дүниеге келуіне көмектескенін ерекше жазған болатын!

26 жастағы Дархан қазірдің өзінде тәжірибелі фельдшер және өз ісінің нағыз кәсіби маманы.  Ол әртүрлі медициналық мекемелерде жұмыс істеп, әртүрлі жағдайларда адамдарға көмектесті.

Ең тыныш кәсіптің өзінде нағыз ерлік жасауға болатынын көрсеткен Дархан – үлгілі тұлға.  Ол Алматы облысының мақтанышы!

 


Рекомендовать
Последние новости