Қазақстанның «СтопМусор» әлеуметтік жобасы халықаралық байқауда жеңімпаз атанды

Жарбол Кентұлы 22 авг. 2024 10:24 6757

«СтопМусор» жобасы корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік саласындағы беделді халықаралық жобасы The International CSR Excellence Awards байқауында «алтын» марапатқа ие болды, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Марапаттау рәсімі осы жылдың жазында Лондондағы St Paul’s Cathedral-де өтті. Байқауға әр елден 500 жоба қатысқан. Қазылар алқасы атап өткендей Қазақстан Экологиялық Ұйымдар Қауымдастығы «Филип Моррис Қазақстан» компаниясының қолдауымен жүзеге асырған «СтопМусор» бағдарламасы 3 жыл ішінде 3 миллион адамды қамтып, тұрмыстық қалдықтарды жауапкершілікпен басқару бойынша тұрмыстық мәденеиттің өзгеруіне ықпал етті. Негізгі мүдделі тараптармен серіктестікте, инновациялық экокартаны пайдалана отырып және әлеуметтік желілерде шаралар туралы ақпараттарды жариялау арқылы жоба азаматтарды тұрмыстық қалдықтарды азайтуға бағытталған жұмыстарға тартады және эко-мәдениетті арттыра түскен.

– «СтопМусор» жобасы мәртебелі, жанданған жобаға айналды, өйткені ол әр қаладан көптеген тұрғынды қамти алды. Бұл жоба орталық және жергілікті деңгейдегі мемлекеттік органдармен, Қазақстанның ЖОО мен мектептерінің педагогикалық ұжымдарымен, түрлі елдердің елшіліктерімен, волонтерлік және қоғамдық ұйымдармен бірлесе отырып, салауатты әріптестік орнатты. Сенбіліктер, семинарлар, жәрмеңкелер мен түрлі акциялар арқылы қатысушылар экологиялық жағдайды жақсартуға өз үлесін қосып жатқанын сезінеді, жобаның танымалдылығын арттырды. Осыған орай, барлық серіктестерімізге алғыс білдіремін. Бұл жоба бізге табиғатты аялауға және тазалық үшін ортақ жауапкершілік алуға мүмкіндік береді деген үміттемін, – деді Қазақстанның Экологиялық Ұйымдар Қауымдастығының Басқарма Төрайымы Айгүл Соловьева.

– Жұмысымыздың нәтижесін көрудің өзі бір ғанибет, ал CSR Excellence Award байқауында марапатқа ие болу – бұл жобаның халықаралық деңгейде мойындалуы, сондай-ақ жүзеге асқандығының белгісі. «СтопМусор» бизнес, қоғамдық ұйымдар мен азаматтардың бірлескен күш-жігері экологиялық жағдайды жақсартуға және тұрғындарды қоршаған ортаны қорғауға белсенді қатысуға шабыттандыра алатынын көрсетіп отыр, – деп атап өтті «Филип Моррис Қазақстан» компаниясының тұрақты даму жөніндегі менеджері Ринат Заитов.

«СтопМусор» кампаниясы қоғам арасында ұсақ-түйек қоқысты қоғамдық орындарда тастаудың қауіпті салдары және қалдықтарды дұрыс өңдеу дағдысын қалыптастыру туралы хабардарлықты арттыру мақсатында ұйымдастырылды. 2020 жылдың маусымынан бастап «СтопМусор» қатысушылары 60-тан астам іс-шара өткізді. Олардың қатарында Астанада полиэтилен пакеттерін жинау, кейін бұл пакеттер заманауи суретші Сауле Сүлейменованың «Астана аспанында» атты арт-экспозициясында пайдаланылған; танымал «Мисс Алматы» байқауының финалисттерімен бірлескен сенбіліктер сериясы; Eco-Talks алаңын құру, еріктілерге арналған онлайн мектеп және тағы басқа іс-шаралар бар.

Жобаның ұйымдастырушылары StopMusor мобильдік қосымшасы мен www.stopmusor.kz сайтын іске қосты. Осы қосымшалар мен арнайы әзірленген инновациялық эко-картаның арқасында азаматтар өз өңірлеріндегі экологиялық мәселелер туралы хабарлай алады. Жиналған өтініштер одан әрі лайықты бағаланып, өз шешімін табуы үшін қала әкімшілігіне жіберіледі. Өтініш иесі өз өтінішінің мәртебесін бақылап, мәселе шешілгеннен кейін ақпарат ала алады. Қазіргі уақытта эко-карта Қазақстан бойынша 500-ден астам өтініш жинаған.

Жобаның тағы бір маңызды бағыты – экологиялық акцияларды ұйымдастыру және оларға қатысу. «СтопМусор» жыл сайын «Жер сағаты» және «Дүниежүзілік тазалық күні» сияқты халықаралық акцияларға қатысады. Биыл жазда жоба сондай-ақ «Таза Қазақстан» республикалық ауқымды экологиялық акциясының бір бөлігі болды. «СтопМусор» жобасы аясында Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен «Jetisu» саябағында «JasylFest» атты алғашқы экологиялық фестиваль өтті, онда қала тұрғындарына күнделікті өмірге экологиялық оңай әдеттерді қалай енгізуге болатыны туралы айтылды.

 


Рекомендовать
Последние новости