Алматы облысында «Өмірлік бағдар» жобасы іске қосылады

Dalanews 06 апр. 2022 14:28 768

Мамандық таңдау-адам өміріндегі жауапты қадам. Қоғамда кездесетін әлеуметтік мәселелердің туындауы да пенде атаулының азық табар ісін дұрыс таппауының, сайып келгенде бағдарынан жаңылғанының нәтежиесі. Әсіресе үлкен өмірге енді қанат қаққалы отырған жас буынның алдындағы таңдаудан қателеспеуі маңызды-ақ. Әне-міне мектепті аяқтағалы отырған бозбала мен бойжеткен келешегін немен? қалай байланыстырмақ? бұл бір ғана тұлғаның емес тұтас қоғамды толғандыруы тиіс. Осыған орай, Алматы облысы ішкі саясат және білім басқармалары бірлесе отырып, «Өмірлік бағдар» жобасын іске асыруды қолға алды.  Негізгі мақсат – мектеп оқушыларына арналған кәсіптік бағыт беру. 

Республика бойынша тұңғыш рет жүзеге асқалы отырған жобаның бұрынғыдан жөні бөлек. Мұнда белгілі бір оқу орындарының өкілдері түлектермен тілдесіп қана қоймайды.  Өзгеше түрленген жобада Алматы облысындағы 800 ауылдағы мектептердің 9-11 сынып оқушылары түгелімен қамтылмақ. Әр баланың қарым-қабілеті жеке-жеке сараланып, соған сәйкес, оқушыға мамандыққа қатысты бағыт-бағдар берілмек.   Кәсіптік бағдар беру жұмыстарында  түлектермен бірге олардың ата-аналары да қамтылады. Жоба жетекшілерінің пайымынша, баланың шешім қабылдауына ата- ананың пікірі әсер етеді. Сол себепті ата-анаға да баласының болашақ мамандығын таңдауында неге аса мән беру керектігі, болашақта қандай кәсіптер сұранысқа ие болатындығы жайлы ақпарат беріледі.

Жастардың білім беру гранттары, кәсіптік оқу, тиімді мамандыққа қатысты жүйелі ойының қалыптаспағанын тілге тиек еткен Алматы облысы ішкі саясат басқармасының башысы Болат Керімбек жаңа жоба көп күттірмей өз жұмысын бастайтындығын айтты.

Жоба сәуір айының 13-22 аралығында жүзеге асады. Біз арнайы жұмыс тобын құрдық. Олар алдағы таңда облыстың әр аймағына барып, түсіндіру жұмыстарын өткізеді. Жобаға қатысты ақпараттар БАҚ беттерінде жарияланады, телеарнада жүгіртпе жолда ақпараттық мәтінді орналастыру көзделген. Сондай-ақ арнайы Call орталық іске қосылатын болады,  деп айтты Болат Бақбергенұлы.

«Өмірлік бағдар» жобасының жұмыс жоспарына сәйкес, алдағы таңда дарынды оқушыларды қолдау мақсатында қор құрылмақ. Сонымен қатар балаларды қоршаған ортаны қорғауға баулу үшін мектеп жанынан «Ботаникалық бақ» ашу көзделініп отыр.  Және де мектеп оқушылары арасында пікір-сайыс қоғалысын дамыту   қолға алынбақ.

Айта кетейік, жоспар бойынша «Телефонсыз мектеп және колледж» деген пилоттық жоба жүзеге асатын болады. Алғаш болып, бұл бастама Талдықорған қаласындағы №9 мектепте іске асады.

Рекомендовать
Последние новости