Алматы облысында Конституция күні кең көлемде аталып өтті

Жарбол Кентұлы 29 авг. 2024 15:51 3093

Алматы облысында Қазақстан Республикасының Конституция күні кең көлемде аталып өтті

Ата Заң мерекесіне орай өңірде 230-дан астам шара ұйымдастырылып, оларға 45 мыңға жуық адам қатысты.

«Ата Заңым - айбыным» атты мерекелік іс-шараға Марат Сұлтанғазиев қатысып, тұрғындарға құттықтау сөзін арнады. Шара аясында өңір дамуына үлес қосқан азаматтар марапатталды. Олардың ішінде белгілі актер, танымал тұлға Бекжан Тұрыс та бар. Өнер майталманына "Алматы облысының Құрметті азаматы" атағы берілді.

Мерекеге орай бұдан өзге түрлі саладағы және қоғамдық өмірдегі еңбектері үшін тағы бірқатар азаматқа мемлекеттік наградалар табыс етілді. Жиын соңы танымал өнер жұлдыздарының патриоттық сезімге толы ән-шашуына ұласты.

Облыстың әр түкпірінде Конституция күніне арналған салтанатты жиындар, мерекелік концерттер, көрмелер, флэшмобтар, мәдени іс-шаралар мен спорттық жарыстар өтті.


Рекомендовать
Последние новости