Алматы облысында жаңа мектеп ашылды (фото)

Dalanews 01 окт. 2020 07:03 1580

Кербұлақ ауданы, Қосағаш ауылында 80 орынды мектеп ашылды. Жаңа мектептің ашылуы - шағын ауыл халқы үшін маңызды оқиға, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Мектеп толығымен заманауи жабдықтармен жабдықталған. Әр кабинетте әр мұғалімнің алдында компьютер бар. Одан бөлек, жеке компьютер класы, қыздар мен ұл балаларға шеберхана және зертхана кабинеттері бар.

Қосағаш орта мектебінің құрылысы 2019 жылдың сәуірінде басталып, 2020 қыркүйегінде қолданысқа берілді. Жоба құны 700 млн теңгені құрады. Қаражат Алматы облыстық бюджетінен бөлінді.



- Бүгін көптен күткен мектептің ашылуы болып жатыр. Ауылымызда жаңа мектеп бой көтерді. Оқушылар мен ата-аналардың қуанышында шек жоқ. Бұрынғы мектептің жағдайы нашар болған. Енді мұғалімдер жаңа компьютерлік сыныпта, интерактивті тақтамен сабақ беретін болады, - деп атап өтті Көксу ауылдық округінің әкімі Әлия Бахтиярова.

Жаңа мектеп 38 адамды жаңа жұмыс орнымен қамтиды. Оның 29-ы - ұстаздар қауымы. Мұғалімдер Ұстаздар күні мерекесі қарсаңында бізге үлкен сый болды деп қуануда.


Айта кетейік, одан бөлек Кербұлақ ауданында "Жұмыспен қамту жол картасы - 2020" бағдарламасы аясында Сарыбастау орта мектебі және "Ауыл – ел бесігі" бағдарламасы аясында Сарыбұлақ орта мектебі күрделі жөндеуден өтуде.


Рекомендовать
Последние новости