Алматы облысында құтқарушылар іздеу жұмыстарын жүргізіп жатыр,- деп хабарлайды Dalanews.kz
Алматы облысы ТЖД мәліметінше, 1981 жылғы әйел мен оның 2015 жылғы баласы Талғар өзенінің жағасына барған. Демалыс кезінде олар суға құлап, ағыс алып кеткен. 22 маусым күні сағат 15:55-те Талғар ауданы Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағындағы Маралсай шатқалында құтқару-іздеу жұмыстары басталған.
"Сағат 18:35-де Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары судан әйелдің мәйітін шығарды. Өзен жағасында баланы іздеу жұмыстары әлі жүріп жатыр. Іздестіру-құтқару операциясына шамамен 110 қызметкер және 20-дан астам техника тартылған", - деп хабарлады облыстық ТЖД.