Алматы облысында АЭС салына бастағаны рас па?

Көркем Алдабергенова 30 сент. 2024 14:27 4517

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Алматы облысы Үлкен ауылында атом электр станциясының (АЭС) құрылысы басталғаны туралы жалған ақпарат таралып жатыр. Облыс әкімдігі бұл ақпаратты жоққа шығарды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бейнероликте, болжам бойынша, “Google Maps” онлайн сервисы арқылы құрылыс объектілері көрсетіледі. Ондағы нысандардың Атом электр стансасы екені шындыққа жанаспайды.

Бейнежазбада көрсетілген нысан 2011 жылы Балқаш жылу электр орталығы (ЖЭС) құрылысы жобасын жүзеге асыру кезінде салынған инфрақұрылым.

Жоба көмірмен жұмыс істейтін жылу электр станциясының құрылысын қамтыды. Жоба аясында тиісті инфрақұрылымның, соның ішінде жұмысшыларға арналған тұрғын кенттің құрылысы басталды.

2014 жылы «Балқаш жылу электр орталығы» жобасын жүзеге асыру тоқтатылды.

Онлайн-сервистің картографиялық деректеріне түзетулер енгізу және жалған ақпараттың одан әрі таралуына жол бермеу үшін Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне (ЦДИАӨМ) өтінім жіберілді.

Еске салайық, АЭС-ке қатысты референдум 6 қазанда өтеді.  


Рекомендовать
Последние новости