Алматы облысы протондық терапияны дамытуға ниетті

Dalanews 03 авг. 2017 16:08 889

Алматы облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омар бастаған жетісулық делегация Бельгияда болып, қатерлі ісікті диагностикалау мен емдеуде озық үлгідегі құрал-жабдықтарды қолданып отырған алдыңғы қатарлы медициналық орталықтардың тәжірибесімен танысты.



Сапар аясында Талдықорған қаласында мемлекеттік-жекеменшік серіктестік негізінде Протон орталығын құру жөніндегі IBA трансұлттық компаниясымен  ниет хаттамасына қол қойылды.

Қазақстанда теңдесі жоқ бұл жобаның алдын ала есептеу бойынша құны 60 млн. евро деп белгіленіп отыр.

IBA компаниясы қатерлі ісікті диагностикалау мен емдеудің жоғары технологиялық құрал-жабдықтарын шығарады, әрі протондық терапия  саласында әлем бойынша көшбасшы саналады. Онкологияны емдеудің осы ультразаманауи тәсілін дамыта отырып және радиофармпрепараттар өндірісіне бағытталған шешімдер әзірлей отырып, IBA компаниясы онкологиялық орталықтарды жоғары сападағы қызметпен және құралдармен қамтамасыз етеді, озық үлгідегі кешенді шешімдер ұсынады.

 

Рекомендовать
Последние новости