Алматы облысы: Голландиядан әкелген элиталы картоп 3 мың гектарға егілді

Dalanews 16 июн. 2020 09:29 805

Алматы облысының егіс алқаптарында мыңнан астам "ақылды" ауыл шаруашылығы техникасы жұмыс істейді.

Қазақстанда сервистік-дайындау орталықтары (СДО) алғаш рет құрылып, бүгінгі күні Алматы облысында табысты іске асырылуда. СДО ауылда бизнес бастауға қолайлы  әлеуметтік жоба: көрсетілетін жеңілдіктердлің арқасында шаруашылықтарға қымбат заманауи техника беріледі.

"Жетісу "ӘКК" РР " АҚ қолдауымен қант қызылшасы, дәнді дақылдар, көкөніс, жүгері, күріш және картоп өсіру, жем дайындау бойынша 51 СДО құрылды. СДО қаржылық  лизингі арқылы  1202 бірлік ауыл шаруашылығы техникасын алды. Осылайша, техника жаңартылды.

Бүгінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер ең заманауи және "ақылды" техниканы пайдаланады. Арнайы техника Claas, DEUTZ-FAHR, JohnDeere, FranzKleine, "Ростсельмаш", Минск трактор зауыты және т.б. сияқты әлемдік өндіруші зауыттардан сатып алынады.


СДО-да 200-ден астам ұсақ және орта шаруашылықтар біріктірілді, 900 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 29 мың га алқапта егін егу, оны өңдеу және жинау бойынша қызметтер көрсетілді. 700-ден астам тұрақты және 12 000 маусымдық жұмыс орны құрылды.



Сонымен, қызылша бағытындағы 29 СДО құру қант қызылшасының егіс алқаптарын төрт есеге ұлғайтуға мүмкіндік берді, 2015 жылы төрт мың гектардан 2020 жылы 16,1 мың гектарға дейін жер көлемі кеңейтілді.

Өңірде сондай-ақ, картоптың өнімділігін қайта қалпына келтіру қолға алынған.

Екі жыл бұрын өңір әкімі Амандық Баталовтың тапсырмасы бойынша "Жетісу" ӘКК картоп кластерін құру мақсатында AGRICO B. V. (Нидерланды) компаниясының селекциясы "Санте" және "Агрия" сорттарының 290 тонна элиталық тұқым сатып алынды.

Бірінші жылы Райымбек ауданында картоптың элиталық тұқымдары 70 га жерге егілді, кейіннен мамандандырылған ауыспалы егісте тұқымдық материал көбейтіліп, 2020 жылы 3 300 га жерге егілді.


Жақында Алматы облысына жасаған іс- сапары барысында Қазақстан Премьер-министрі Асқар Мамин облыс басшылығының ауыл шаруашылығы саласындағы атқарған жұмысына оң баға берді.

Премьер "Жетісу" ӘКК-нің тиімді жұмысы өңірлердегі басқа да даму институттары үшін үлгі болуға тиіс екенін атап өтті.

Рекомендовать
Последние новости