Алматы жаңа технологиялар орталығына айналады

Dalanews 01 дек. 2017 10:07 985

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиев пен Алматы әкімі Бауыржан Байбек Мемлекет басшысының Қазақстан экономикасын цифрлау бойынша алға қойған міндеттерін орындау аясында бірқатар объектілермен танысты.

Жұмыс сапары барысында ҚР Бас прокуратурасы құқықтық статистика мен арнайы есеп жөніндегі комитеттің төрағасы Бағдат Мусин жүргізушілерге қажет құжаттар санын қысқартатын «Е-штрафы» жобасын таныстырды. Ол өзінің сөзінде ИИН бойынша планшеттер арқылы жүргізуші жөнінде барлық мәліметті, оның ішінде техпаспорт пен сақтандыру полисі туралы да білуге болатындығын жеткізді. Бұл жүйе енгізілген соң автожүргізушілер полиция қызметкеріне тек жүргізуші куәлігін көрсетсе болғаны. Айыппұлды жүргізушілер дәл сол жерде немесе мобильді POS-терминалы арқылы төлейді, ақша бірден автоматты түрде төлем жүйесінен көрінеді.

«Енді хаттамаларда негізгі үш көрсеткіш көрініс табады, олар: ИИН, автомобильдің мемлекеттік нөмірі және тәртіп бұзу бабы. Бұдан былай жүргізушілердің толық құжаттарын алып жүруі қажет емес. Жергілікті полициямен жүйе тестілеуден өтті. Біз құжаттарды қажет етпейтін жүйе бойынша жұмыс істейтін алғашқы қаланың Алматы болуын ұсынамыз», –  деп атап өтті Б.Мусин.

Өз кезегінде Алматы әкімі пилотты «Е-штрафы» жобасының мегаполисте енгізуге қолдау білдірді және қаланың патрульді қызметін планшеттермен, мобильді термопринтерлермен жабдықтау үшін қаржы іздестіруді тапсырды.

«Цифрлы Қазақстан жобасы түрлі әкімшілік кедергілерді жойып, жемқорлықты азайту үшін енгізіледі», –  деді Б.Байбек.

Премьер-министрдің орынбасары жұмыс сапары барысында «Инновациялық технология паркінің» автономды кластерлі қоры маңында орналасқан «Tech-Garden» ІТ аймағында болды.

ІТ аймақтың резиденттері – 10 IT-компаниялар мен 15 стартаптар. Бұлардың барлығы IBM, ARM, Autodesk, 1C сияқты заманауи палтформаларды пайдаланады. Жобаға қатысушылардың көпшілігі мұнай-газ, металлургия, машина жасау сияқты өндіріс саласымен айналысатын танымал шетелдік компаниялармен бәсекелес, сонымен қатар қаланың инфрақұрылымын дамытуға өздерінің оң істерін ұсына алады.

Асқар Жұмағалиев инновациялық негіздегі жобалармен танысты және Қазақстанның түрлі өңірлерінің және жақын шетелдердің стартап- компанияларының қатысуымен шеберлік сыныптарын өткізуді ұсынды.

Бүгінгі күні Алматы қаласы транзитті-көлік дәлізін ойдағыдай жүзеге асыруда, әлемнің ірі нарығына қауіпсіз және қысқа жолдарды қамтамасыз етуде. Қазіргі кезде елімізге халықаралық түрлі пошта өнімдері Астана, Алматы, Орал қалалары бойынша халықаралық пошта алмасу арқылы келеді, бұлардың 80%-ы Алматы арқылы өтеді. Пошта өнімдерін Қытайдың, Сингапурдың, Германияның,  АҚШ-тың және басқа елдердің интернет- магазиндері жібереді.

Премьер-министрдің орынбасары мен Алматы қаласының әкімі «Қазпошта» АҚ-ның ақпараттық-логистикалық орталығының жұмысымен танысты. Мұнда пошта өнімдері автоматты түрде сұрыпталады, ол сағатына 6 545 пошта өнімдерін жібереді. Жүйе салмағы 10 килограмға дейінгі халықаралық және ішкі бандерольдер мен хаплықаралық шағын пакеттерді іріктейді.

Орталық жұмысымен танысу барысында «Қазпошта» АҚ-ы басқармасының төрағасы Сәкен Сарсенов интернет арқылы сауда жасаудың күн санап артып келе жатқанын айтты. Жыл басынан бері Қазақстанға 9 млн. астам шетелдік пошта өнімі түскен.

«Егер биылғы жылдың тамызына дейін біз тәулігіне 10 000 посылканы іріктесек, сұрыптау машинасы мен мобильді терминалдың арқасында 100 000 пошта өнімін реттей бастадық. Технологиялық процесті оңтайландыру арқылы пошта өнімдері тәулік бойына сұрыпталады. Оның үстіне, автоматтандыру барысында пошта қаптары нақтылы атауларға жіберілуде, ал бұл пошта өнімінің жедел жетуіне оң ықпал етуде», – деді Сәкен Сарсенов.

Жақсы базаның, дамыған логистиканың және пошта бөлімшелерінің жүйелері негізінде «Қазпошта» бүгінгі күні қажетті барлық инфрақұрылымды e-commerce арқылы жүзеге асыра алады. Алматыдағы интернет- магазиндерге көмек ретінде фулфилмент қызметі қосылған, ол пошта өнімін сұрыптайды, сақтайды, қаптайды, жеткізеді.

Сәкен Сарсенов «Қазпоштаның» түрлі транзитты жобаларға қатысатынын, Қазақстан арқылы Қытайдан Европаға немесе керісінше транзит арқылы хабтарды жіберетінін айтты. Бұл Қазақстан арқылы Қытайдан Ресейге немесе Европаға транзиттті өнімдердің 20% -дан астамын өтетінін көрсетеді. Егер 2016 жылы «Қазпошта» арқылы транзитті лектің көлемі 53% -ды құраса (10 млн. өнім, 2015 жылы 6,5 млн. болған), 2017 жылы 17 млн. өнімге артады деген болжам бар.

Рекомендовать
Последние новости