Алматы Іскерлік кеңесі ірі бизнесмендер үшін диалог алаңына айналды

Dalanews 29 нояб. 2021 12:08 981

Алматы қаласында әкімдік пен кәсіпкерлік субъектілері арасында сындарлы диалог орнағандығына Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин айтты, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында сөйлеген сөзінде спикер Алматы қаласы әкімі жанындағы Іскерлік Кеңес осы ынтымақтастықтың жарқын дәлелі болып табылатынын хабарлады. Ол қолайлы бизнес-климатты дамыту үшін құрылған және әртүрлі салалардағы ірі бизнес өкілдерін – қаржы, бөлшек сауда, машина жасау, қонақ үй және мейрамхана салаларын біріктірді.

Бүгінде Іскерлік кеңестің құрылымында мегаполис үшін жеті басым бағыт бойынша сегіз салалық комитет бар: «ақылды қала», шетсіз қала, бастамаларға арналған қала, қауіпсіз қала, «жасыл» қала, мәдени креативті қала, Қазақстанның іскерлік астанасы. Биыл 30-ға жуық отырыс өткізілді.

– Өткен жылы пандемия кезінде Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Іскерлік кеңеспен тығыз өзара іс-қимыл жасай отырып, дағдарысқа қарсы қолдау шаралары әзірленді. Қолданыстағы мемлекеттік бағдарламаларға бірқатар өзгерістер енгізілді – қаржыландыруды ұлғайту, салалық шектеулерді алып тастау, микро және шағын кәсіпкерлікті несиелендіру үшін жаңа бағыттарды енгізу, – деді Е. Оразалин.


Сондай-ақ, «Алматы бизнес» өңірлік бағдарламасына бірқатар өзгерістер мен толықтырулар қабылданды, оның ішінде Алатау, Наурызбай, Жетісу, Түрксіб сияқты қаланың белсенді емес аудандарында бизнесті дамытуды ынталандыру мақсатында 6% республикалық біріздендірілген мөлшерлеме аясында оларға 5%-бен кредит беру мүмкіндігі берілді.

Бұдан өзге, дағдарысқа қарсы шаралар аясында «Алматы Финанс» ЖШС және «Алматы» МҚҰ» ЖШС екі қаржы институтындағы сыйақы мөлшерлемесі жылдық 7%-дан 6%-ға дейін төмендетілді, ең жоғары сома 300 млн-нан 500 млн теңгеге дейін ұлғайтылды, кепілсіз несиелеу енгізілді және салалық шектеулер алынып тасталды.

Е. Оразалиннің айтуынша, бүгінде Іскерлік кеңес өкілдері қаланы дамытудың ірі жобалары – Алматы қаласын дамыту тұжырымдамасын, Big Apple: Үлкен Алматы – реформалар локомотиві және т. б. жобаларды әзірлеуге және іске асыруға белсене қатысуда.

Рекомендовать
Последние новости