Алматы әуежайында қаскөй кепілге алған қыздың жағдайы белгілі болды

Көркем Алдабергенова 07 мар. 2025 18:25 2415

Алматы әуежайында қаскөй кепілге алған қыздың жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Осы оқиғадан зардап шеккен әуежай қызметкеріне қатысты Алматы халықаралық әуежайы оған психолог беріп, әрі қарай барлық қажетті көмек көрсетеді, делінген әуежай хабарламасында. 

Еске салайық, бұған дейін Алматыда ер адам әуежай қызметкерін кепілге алғанын жазған едік. 

Әуежай өкілдерінің сөзінше, оқиға бүгін, 7 наурызда әуежайдың ұшу алдындағы тексеру аймағында болған.

Сағат 11:45 шамасында өзін жолаушы ретінде таныстырған ер адам ішкі терминалдағы (Т1) рейс алдындағы тексеру аймағына келген. Алматы халықаралық әуежайының авиациялық қауіпсіздік қызметінің скрининг қызметкерлері ер адамнан құжаттарын көрсетуді сұраған, бірақ ер адам скрининг офицерін шашынан ұстап алып, пышақпен қорқыта бастаған.

7 минуттан кейін әуежайдың желілік полиция бөлімінің (LPD) қызметкерлері және Алматы халықаралық әуежайының авиациялық қауіпсіздік қызметкерлері ер адамның пышағын тартып алған.

Қазіргі уақытта ер адам полиция бөлімінде, құқық қорғау қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.


Рекомендовать
Последние новости