Алмасхан Ахмеджанов: «Алматыда кварталды құрылыс 1 гектарға 440 адамнан аспауы тиіс»

Dalanews 31 мая 2021 07:09 935

Алматыдағы қалалық Жоспарлау және урбанистика басқармасының басшысы Алмасхан Ахмеджанов бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында тұрғындардың тығыздығын ескере отырып, үй салуға қойылатын талаптар туралы айтты, – деп хабарлайды Dalanews.kz Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін қалалық мәслихаттың VIІ шақырылымдағы кезектен тыс VI сессиясында Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша әзірленген «Қаланың сәулеттік келбетін қалыптастыру және қала құрылысын жоспарлау ережелері» қабылданды.

А. Ахмеджановтың айтуынша, халықтың тығыздығы кварталды құрылыс барысында 1 гектарға 440 адамнан аспайтын болып есептеледі, ал тарихи орталықтағы құрылыста гектарына 300 адамнан аспауы тиіс.

Бұл жағдайда тығыздықты бірмезгілдіктік шарттарды сақтай отырып, 20%-ға арттыруға болады, олар мыналар:

- жеткілікті инженерлік инфрақұрылымның болуы;

- көлікке қолжетімділік, жерасты және (немесе) көпдеңгейлі т паркингтер;

- салынған және жапсарлас салынған балабақшалар мен мектепке дейінгі мекемелер;

- жер сілкінісі кезінде жиналуға арналған орындар мен қадамдық қашықтықта нормативтік қауіпсіздік аясындағы  жасыл аймақтар;

- жаяу қашықтықтағы орта мектептердегі орындармен қамтамасыз етудің жеткілікті деңгейі;

- 500 метрден аспайтын радиуста күнделікті қызмет көрсету нысандарының болуы;

- халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында нормативтік-құқықтық актілерге және азаматтық қорғау саласындағы нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес және тұрғындарға шаққанда үй жанындағы аумақтың 10 шаршы метр (тұрмыстық және рекреациялық қажеттіліктерге арналған алаңдарды, автотұрақтарды, абаттандыру мен көгалдандыруды ескере отырып) болуы сақталуы тиіс.

Рекомендовать
Последние новости