Алматы. Жаңа құрылыс ережелері таудан соққан самалды қорғайды

Dalanews 31 мая 2021 06:49 1006

Бүгін Алматы қалалық Жоспарлау және урбанистика басқармасының бастығы Алмасхан Ахмеджанов Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте Алматыда қолданылып жатқан жаңа құрылыс ережелері қала ініеің желдетілуін реттейтінін айтты, – деп хабарлайды Dalanews.kz Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ӨКҚ алаңында Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың бастамасымен әзірленген «Қаланың сәулеттік келбетін қалыптастыру және қала құрылысын жоспарлау ережелері» таныстырылды. Құжат VII шақырылған қала мәслихатының кезектен тыс VI сессиясында қабылданған.

А. Ахмеджановтың айтуынша, жаңа ережелердің арқасында қаланың бірегей бейнесі, Іле Алатауы тауларының көркем панорамасы қала көшелерінің ансамбльдік ұштасуын қалыптастырады әрі сақтайды. Бұлардан өзге, қаланың кәдуілгі желдетілуін қамтамасыз етеді және шулы ортадан қорғайды.

Жаңа құжатта салынатын үйлердің ыңғайлы орналасатыны, қолжетімділік қағидасына сай әлеуметтік және күнделікті пайдаланатын заттары бар нысандар салынатыны жазылған.

Құрылыс компаниялары қала аумағында қала құрылысы мен биіктік регламентін сақтауға міндеттенеді.

Рекомендовать
Последние новости