Алдағы уақытта Астанада сумен жабдықтау түбегейлі шешеледі

Dalanews 01 мар. 2023 11:40 1023

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек бүгін Теміржолшылар елді мекенінің тұрғындарымен кездесіп, жергілікті тұрғындармен өзекті мәселелерді талқылады.

– Қаланың аудандары мен елді мекендерінің тұрғындарымен кездесуім жалғасып жатыр. Әрбір елдімекеннің өзіне тән күрделі әрі жүйелі проблемалары бар. «Теміржолшылар» елді мекенінің тұрғындарымен кездесуде электр, сумен жабдықтау, кәріз, жолдар мен тротуарлар салу, қосымша маршруттарды іске қосу, интернет тарту сынды өзекті мәселелерді талқаладық, – деді қала басшысы.

Қазіргі таңда Теміржолшылар елді мекенінде электр энергиясы өзекті  мәселелердің бірі. Осыған дейін Қазбек қосалқы станциясы бойынша жұмыс басталған болатын.



– Жобаға енгізілетін түзетуді жазда аяқтап, келесі жылы қосалқы электр станциясының құрылысын толығымен аяқтауды жоспарлап отырмыз. Су қысымы бойынша – халықтың өсімін ескеріп, қалада қосымша су көлеміне қажеттілік бар. Жаңа ауыз су станциясының құрылысы қазір аяқталу сатысында тұр. Мамыр айында іске қосылады, ал ССС-3 тамыз айына дейін толық қуатта жұмыс істеу тәртібіне көшеді. Осылайша, су мәселесі тек елді мекенде ғана емес, бүкіл қала бойынша шешіледі, – деп Астана қаласы әкімі ойын ортаға салды.


Сол сияқты кездесуде медицина мамандарын тарту мәселесі де көтерілгенін айта кетуіміз керек. Бұдан басқа биыл елд імекенде дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы аяқталады. Оның базасында спорттық және шығармашылық үйірмелер ашылмақшы.

Жазда Астана қаласына кезең-кезеңімен жаңа автобустар жеткізіле бастайды. Биыл 500-ге тарта автобус (оның ішінде жеке инвесторларды жұмылдыру ескеріледі) жеткізуді жоспарлануда. Осылайша тұрғындарының автобусты күту уақыты мейілінше қысқартын болады.

 

 

Рекомендовать
Последние новости